Сирияда бірінен соң бірі болған жарылыстардан қаза тапқандар саны 140-қа жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Сирияда арты-артынан болған жарылыстардан қаза тапқандар саны 140-қа жетті, деп жазады Би-би-си.
None
None

Дәл қазіргі уақытта нақты қанша адам ажал құшқанын дөп басып айту қиын.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Дамасктың Саида Зейнаб ауданында кем дегенде 4 жарылыс болған. Одан 83 адам опат болды.

Сондай-ақ Хомс қаласында екі жарылыс болып, онда 57 адам ажал құшқаны хабарланған болатын.

Бұл лаңкестік әрекеттерді «Ислам мемлекеті» ұйымы мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар