Сирияда деэскалация аймағын құру туралы қарар жобасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне енгізілді
«Қарар жобасы енгізілгенін растаймыз», - деді тұрақты өкілдіктің баспасөз хатшысы Федор Стржижовский.
Дипломаттардың ақпаратына сәйкес құжат бойынша дауыс беру осы аптаның басында, 8 немесе 9 мамырда жүргізілуі мүмкін.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ресей, Иран және Түркия делегациясы Астана процесі барысында Сирия аумағында деэскалация аймағын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл аймақтарға Идлиб және көрші Алеппо, Латакия және Хама провинциялары, Хомс қаласының солтүстігіндегі аудан, Шығыс Гута, оңтүстік Дераа және Эль-Кунейтра провинциялары кіреді.
Келісім 5 мамырда бұл аймақтарда авиация ұшырылымын қоса алғанда, әскери белсенділікке тыйым енгізіледі. Құжат жарты жыл күшінде болады. Кейін дәл осынша уақытқа автоматты түрде ұзартылуы мүмкін.