Сирияда ұшақ апатынан 35 әскери ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның солтүстік-батысында ұшақ апатынан 35 әскери қызметкер ажал құшты, деп жазады би-би-си.

Сириядағы адам құқықтары бойынша топтың хабарлауынша, ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жоғары кернеулі желіні іліп кеткен. Елдің расми БАҚ-тары да апаттың орын алғаны туралы ақпаратты растаған көрінеді.

Алайда, «Аль-Каида" лаңкестік тобының Сириядағы қанаты - "Фронта Нусра" ұшақты атып түсірген олар екендігі жайлы ақпарат таратқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram