Сириядағы лаңкестік әрекеттері үшін Екібастұз қаласының төрт тұрғыны сотталды

ПАВЛОДАР.ҚазАқпарат - Павлодарда бүгін Сириядағы лаңкестік әрекеттер үшін айыпты деп танылған Екібастұз тұрғындарына қатысты сот ісі аяқталды. Отырыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот облыс орталығында өтті.
None
None

Екібастұздың 26 жастағы екі тұрғынын 2013 жылғы қазан айында ҚР арнайы қызметі қолға түсіріп, тұтқындаған болатын. Жас жігіттер үгіт-насихатқа бойұсынып, Қазақстаннан заңсыз шығып кетіп, түрік-сирия шекарасын кесіп өткен. Оларға Сирия аумағындағы жаттығу лагерінде дайындалды деген күдік келтіріліп отыр.

Сондай-ақ оларға «террористік топ әрекеттеріне қатысу», «террористік әрекеттерге қатысуға жалдану немесе дайындалу», «лаңкестік пен экстремизмді насихаттау», «террористік әрекеттерді және өзге де астыртын қылмыстарды қаржыландыру» баптары бойынша айыптар тағылып отыр.

«Абдусалам Мырзабаев пен Азамат Қазбаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 233-2 (2-б.), 233-1 (2-б), 233-4 (1-б, 28-б), 233-3 (2-б) баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оларға жалпы режімдегі колонияда 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Осы іс бойынша Берік Жақыпов пен Борис Мырзабаев аталмыш кодекстің 233-3-бабының 2-бөлігі «террорлық немесе экстремистік әрекетті және бірнеше рет жасалған астыртын қылмысты қаржыландыру» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оларға 2 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 3 жылға жаза тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар