Сириядағы зияратшылар мінген автобустағы жарылыс лаңкестік болмай шықты
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Сирия ішкі істер министрі Саид Мұхаммед Саммур Сириядағы ирандық зияратшылар мінген автобустағы жарылыстың лаңкестік әрекет еместігін мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі үш адамның - автобус жүргізушісі мен екі май құю стансысы жұмысшысының опат болғанын нақтылады. Бұған дейін алты адам мерт болды деп хабарланған болатын.