Сыртқы істер министрлігінде Ливанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ливан Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Джордж Абу Зейдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

New Lebanese Ambassador presents copies of credentials at Kazakh MFA
Фото: ҚР СІМ

Кездесу аясында Ливан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Бақаев Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Ливан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сұхбат аяғында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.

Осыған дейін Сыртқы істер министрлігіне жаңа міндеттер жүктелгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар