Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сицилияда орман өрті өршіп тұр: төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Сицилия аралында аптап ыстық пен екпінді желдің салдарынан ірі орман өрттері өршіп, билік төтенше жағдай режимін жариялады. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды БЕЛТА.

Лесные пожары в Южной Корее: четверо погибли, шестеро ранены
Фото: Yonhap

Sky TG24 телеарнасының мәліметінше, Сицилияда қалыптан тыс ыстық пен қатты желден туындаған орман өрттері кең аумақты шарпыған.

Тілсіз жау жүздеген гектар жерді күлге айналдырып, әлі де таралуын тоқтатқан жоқ. Күрделі жағдайға байланысты аралда төтенше жағдай режимі енгізіліп, жүздеген тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметі, азаматтық қорғаныс күштері және авиация жұмылдырылды. Алайда құтқарушылардың барлық күш-жігеріне қарамастан, өртті толық ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр.

Сицилияда ауа температурасы 45 градустан асып кеткен. Ал қатты жел өртті сөндіру жұмыстарын едәуір қиындатып отыр.

Ең күрделі жағдай Палермо қаласы маңында қалыптасты. Мұнда жалын тұрғын үйлерге жақындаған. Өртке байланысты бірқатар жол жабылып, электр қуатының берілуінде іркілістер байқалып отыр. Сонымен қатар егістік алқаптары мен зәйтүн бақтары отқа оранды.

Осыған дейін Франциядағы өртке байланысты 5 мыңға жуық адам эвакуацияланғаны туралы жаздық.