Сицилияда үш қабатты ғимарат опырылып, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Сицилияның Мессина қаласында құтқарушылар үш қабатты ғимарат құлағаннан кейін жоғалып кеткен алты адамды іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы өрт сөндірушілер тобының командирі Мишель Буржо мәлімдеді, деп хабарлайды ANSA ақпарат агенттігі.
– Қазіргі уақытта алты адам хабар-ошарсыз кетті. Біз оларды іздеп жатырмыз және оларды тірі табуға үміттенеміз, - деді ол.
Үш қабатты ғимарат бейсенбі күні опырылған. Үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірінші және екінші қабаттарында дүкендер орналасқан ғимаратта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қираудың себебі анықталып жатыр. Буржоның айтуынша, бұл газ жарылысынан немесе тірек құрылымдарының құлауынан болуы мүмкін.
Арнайы Kazinform агенттігіне ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Италияның Сицилия аралында аптап ыстық пен екпінді желдің салдарынан ірі орман өрттері өршіп, билік төтенше жағдай режимін жариялағанын жазған едік.