Сіздерді ЭКСПО-2017 көрмесінің иесі ретінде Астана қаласында қарсы алуға үміттенеміз - Ө.Шөкеев

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - 22-23 қараша күндері Парижде Халықаралық көрме бюросы бас Ассамблеясының 150-ші сессиясы болды.
None
None

Халықаралық көрме бюросының Мерейтойлық Ассамблеясында Қазақстан делегациясы Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізуге үміткер елдердің бірі ретінде қатысты.

ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Қазақстан делегациясының басшысы, еліміздің бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеевтің сөйлеген сөзін жариялайды:

Президент мырза,

Бас хатшы мырза,

Ханымдар мен мырзалар,

Халықаралық көрме бюросына мүше 157 елдің құрметті өкілдері!

Мен осы сәтті пайдалана отырып Қазақстан үкіметі мен халқының Астана қаласын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретіндегі үндеуін жария етемін.

Соңғы 20 жыл ішінде біз Астана қаласының аймақтық ауыл шаруашылық орталығынан әлемдік деңгейдегі елордаға айналғанын көрдік.

Бүкіл әлем үшін Астана Еуропа, Орталық Азия, Ресей, Қытай және алыс Шығыстағы нарықтар арасындағы ықпалдастық пен ынтымақтастықтың символына айналды.

ЭКСПО-20417 көрмесін елімізде өткізу мақсатымыз бен талпынысымыз біздің халықтарымыз арасындағы сауда және мәдени байланыстарды алға жылжыту үшін бірлесе жұмсайтын күш жігерімзді біріктіру ниетіне негізделеді.

Біз еліміздің жаңа елордасы - Астана қаласында Сіздерді ЭКСПО-2017 көрмесінің иесі ретінде қарсы алуға үміттенеміз.

Соңғы жаңалықтар