СҚО әкімі ардагер аналарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 8 Наурыз Халықаралы әйелдер күні қарсаңында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов арадагер аналар мен көп балалы аналарды алдағы келе жатқан мерекелерімен құтықтады.
ҰОС ардагері Анна Васянова биыл 96 жасқа толады. Анна Акимовна майдан даласына 1943 жылы, Томск медицина аяқтағын жылы барған. Соғыстан кейін Германиядағы басқыншылардығ 5-ші соққы беретін әскерінің госпиталінде жұмыс жасаған. 1954 жыл біздің аймаққа тың игеру мақсатымен келген. Келген кезінен бастап еңбек демалысына дейін облыстық және 1-ші қалалық ауруханада қызмет жасады. 3 ұл мен 6 немере тәрбиелеген.
Ерік Сұлтанов Анна Акимовнаға ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
12 бала тәрбиелеп өсірген Күлке Әубәкірова «Ана даңқы» орденімен және Алтын алқамен марапатталған. Бала тәрбиесімен қатар ғұрымын туған ауылына қызмет етумен өткізген.
83 жастағы әжей бүгінде 17 немере-шөберелерін бағып отыр.
«Біздің облыста Батыр ана атанып, «Ана даңқы» орденін және «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иеленген 5000-нан астам ана тұрады. Солардың бірі сізсіз. Сіздің еңбек жолыңыз қазіргі жастарға үлгі болып табылады. Сізді келе жатқан мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!» - деді әкім.
Күлке апа өз кезегінде СҚО әкімін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, аймақ басшысына ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында 214 ҰОС ардагері тұрып жатыр, олардың 20-сы әйелдер.