СҚО әкімі: Астана - Мемлекет басшысының асқақ арманы мен керемет жобаларының жүзеге асқан бейнесі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов елорда тұрғындарын Астана күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

«Биыл Астана күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі тұспа-тұс келіп отыр. Астана Қазақстанның құрылуы мен дамуының символына айналды. Астана - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың асқақ арманы мен керемет жобаларының жүзеге асқан бейнесі. Мәдениеттер тоғысқан мекен, халықаралық ынтымақтастық пен дипломатия дамыған қоныс», - дейді өңір басшысы.

Ерік Сұлтанов, сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қоғамдастық бейбітсүйгіш, толерантты, бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатқан мемлекет ретінде таныған ел екенін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар