СҚО әкiмi Халықаралық қуыршақтар театры күнi мерекесін бүлдіршіндермен бірге атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Самат Ескендiров облыстық қуыршақтар театрында Халықаралық қуыршақтар театры күнiне арналған шараға қатысты.
None
None

Бұл туралы Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Әртiстерге қонаққа жетiмдер үйлерінің тәрбиеленушілері келдi, сондай-ақ «Улыбка» қоғамдық қоры да шақырылды. Театр қонақтарына арналып «Қуыршақшы» қойылымнан үзiндi көрсетiлiп, концерттiк нөмiрлер қойылды. Қуыршақтар театрының әртiстерiн құттықтау үшін басқа театрлардың өкiлдерi де келді.

Сондай-ақ мерекеге орай өңiр басшысының атынан балаларға ойыншықтар сыйға тартылды.

Айта кетейік, Халықаралық қуыршақтар театрының қайраткерлері одағының бастамасымен Халықаралық қуыршақтар театры күнi жыл сайын 21 наурызда аталып өтіледі. Әлемнің қуыршақ өнерінің майталмандарының бұл мерекесі 2003 жылдың 21 наурызында енгізілген.

Соңғы жаңалықтар