СҚО әкімі көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Мәмлүт ауданына барды. Өңір басшысы бірінші кезекте, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.
None
None

Биыл Мәмлүт ауданында 164 200 га жерге дақылдар егу жоспарлануда. Бұл ретте 130 мың га жерге дәнді дақылдар, 26 мың га жерге майлы дақыл масағы егілетін болды, деп хабарлады өңір басшысы.

Жұмыс барысына 2 622 тонна отын қажет, 100 пайыз қор жинақталған, барлық техника әзір тұр. Оның ішінде 24 дақыл отырғызатын кешені, 730 тұқым себетін агрегат бар. Ауа райы жақсы болып тұрса, 13 күннің ішінде егіс науқанын аяқтап қаламыз деп ойлаймын», - деп хабарлады Мәмлүт ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ысқақ Насыров.

«Ишим Агро Норд» ЖШС аумағында Ерік Сұлтанов ауданның ірі шаруашылық өкілімен кездесті. Аграршылар 20 пайыз алаңға тұқым себілгенін айтты. Өңір басшысы жақсы нәтижеге қарамастан қарқынды жеделдете түсу қажеттігін атап өтті.

Аудан аграршылары атынан сөз алған «Родина» КШ басшысы Михаил Юрков Ерік Сұлтановқа жұмыс органын құру ұсынысымен жүгінді. Орган аграршылардың жұмысын жоспарлап, өнім шыққанға дейін жұмысты реттеп отыру үшін қажет. СҚО әкімі ұсынысты қолдап, астықты сыртқы нарыққа өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталып өтті.

Өңір басшысы сондай-ақ «Кулик Н.П.» ЖШС, «Белое Агро» ЖШС-ға барды. Бұл жерде көктемгі егіс науқаны басталып, 20 пайыз алаңға дақылдар себіліп қойған. Бұл шаруашылықтың жарамды жерінің бөлігі жайылымға бөлінген. «Кулик Н.П.» ЖШС ақ бас мал, «Белое Агро» ЖШС ангус тұқымды мал өсірумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар