СҚО әкімі оралмандарға және әлеуметтік сала қызметкерлеріне 23 жаңа үйдің кілттерін тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Қызылжар ауданындағы «Бәйтерек» кентінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлер пайдалануға берілді.

СҚО әкімі оралмандарға және әлеуметтік сала қызметкерлеріне 23 жаңа үйдің кілттерін тапсырды

Оларда оралмандар және әлеуметтік сала қызметкерлері тұратын болады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов қоныстанушыларға салтанатты жағдайда үйлердің кілттерін тапсырды.

 Өз сөзінде аймақ басшысы әлемдік дағдарысқа қарамай Мемлекет басшысының саясатына сәйкес Қазақстанда тұрғын-үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғасып отырғанын атап өтті. Мыңдаған әлеуметтік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, жас мамандар жаңа тұрғын үйлерге қол жеткізуде. Елімізде тарихи отандарына көшіп келген оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі келесі құрылыс компанияларының басшыларына: «Құрылыскомпания» ЖШС директоры  Хайдар Атажановқа,  «СК Максимум» ЖШС директоры Юрий Щеголевқа, «Основание» ЖШС директоры Сергей Тимофеевке, «Севинстальком» ЖШС директоры Сұлтан Ғадзиевке алғыс хаттар тапсырды.

Одан кейін аймақ басшысы қоныс тойын тойлаушыларға үйлердің кілттерін беріп, оларға ізгі тілек тіледі.