СҚО әкімі ретсіз салынған құрылыстарды сынға алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының СҚО бойынша филиалының төрағасы облыс әкімі Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Өңір басшысына құрылыс саласындағы проблемалармен құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Сергей Тимофеев жүгінді. Ол нормативтік мерзімдер республика бойынша бірдей екенін айтты. Бұл ретте климаттық ерекшелік ескерілмеген, бұл өңір құрылысшыларын ыңғайсыз жағдайға қалдыруда.

«Біз жұмысты басында осы мерзімде үлгермейтінімізді түсініп бастауға мәжбүрміз. Құрылысқа 10-12 ай кетеді. Қазір бұл мерзім де жетпейтін болды. Бізде құрылыста жұмыс істеу мүмкін болмайтын маусымдар болады», - деді Сергей Тимофеев.

Құмар Ақсақалов бұл мәселені шешу заңнамалық деңгейде мүмкін екенін атап өтті. Өңір басшысы тұтастай Петропавлдың құрылыс жүйесін жетілдіру қажеттігіне баса мән берді.

«Бізде, өкініштісі, үйлер ретсіз салынуда. Бос орын болса, сала берген. Ретке келтірілген архитектуралық  шешім жоқ. Барлығы: үй, коммуникация, жарықтандыру кешенді болуы тиіс», - деді СҚО әкімі.

Гиперпресті кірпішті дайындап, сату жайында кездесу барысында кәсіпкер Александр Ещанов айтты.

Қазір өнімнің сапасы тексерілуде. Өңір басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру науқанына жәрдем көрсетуді тапсырды. Нысандарды  «Солнечный» шағын ауданында салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар