Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО әкімі Шал ақын ауданының түлектеріне аттестаттар табыстады (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Султанов Шал ақын ауданындағы Маркен Ахметбеков атындағы орта мектептің 16 түлегіне аттестаттар табыстады.

СҚО әкімі Шал ақын ауданының түлектеріне аттестаттар табыстады (ФОТО)

Аймақ басшысы білім ордасының материалдық-техникалық ахуалымен танысты. Ерік Сұлтанов кабинеттерді аралап, спорт залы мен музейде болды.

Бұдан соң аймақ басшысы орта білім туралы аттестаттарды түлектерге табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Әкім үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге өз мамандықтарын жаңылмай тауып, өмірдегі қиындықтарға мойымай, оларды жеңе біліңдер деген тілегін білдірді.