СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты.

жайық
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

«Облыста су тасқынының бірінші толқынының негізгі кезеңі өтті. Бөгеттен асып кетудің максималды деңгейі 425 см болды. Соның салдарынан 3 419 үйді су басты. Әлі де 3 223 үйді су басып тұр, 196 үйдегі қауіп сейілді. 14 388 адам эвакуацияланды, 764 адам үйлеріне оралды. Қазір су басқан аумақтың тұрғындары уақытша тұрғылықты жерге көшіріліп жатыр», - деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, Ақмола облысынан келген суға байланысты 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. 21-22 сәуірде өңірдегі су деңгейі жоғары шегіне жетуі мүмкін.

«Келтірілген материалдық шығынды өтеуге қатысты тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр. Қазір 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде жалпы сомасы 634 млн теңгені құрайтын біржолғы жәрдемақы алды. Облысқа 576 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді», - деді азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар