СКО бойынша кедендік бақылау департаментінде Наурыз мерекесі тойланды

ПЕТРОПАВЛ. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде Наурыз мейрамы тойланды.

СКО бойынша кедендік бақылау департаментінде Наурыз мерекесі тойланды

Департаментте осынау мейрамға арналған мерекелік концерт өтті, конкурстар ұйымдастырылды, салт-дәстүрлер қойылымы сахналанды.


Оның ашылуында кіріспе сөз сөйлеген департамент бастығының міндетін атқарушы Қайсар Мәлғаждаров жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтады. «Жаңару мерекесі, бірлік пен достық мерекесі болып табылатын Наурыз - барша қазақстандықтардың жалпыұлттық және сүйікті мерекесі», - деді ол.