13:46, 14 Желтоқсан 2021 | GMT +5
СҚО-да 10 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс тұрғындардың 67,2 % вакциналаудың толық курсынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде 265 701 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бұл жоспарлы екпе алуы тиіс тұрғындардың 71,6 %. 249 118 адам немесе 67,2 % вакциналаудың толық курсынан өтті.
Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 4 560 адамға жетті. Екпе алғандардың басым бөлігін жасөспірімдер құрайды, 3 513 бала ата-анасының жазбаша рұқсатымен вакцина қойдырды. Сондай-ақ 928 емізулі баласы бар және 119 жүкті әйел Pfizer салдырды.
«Коронавирусқа қарсы ревакцинация вакциналаудың толық курсынан кейін 6 ай өтісімен бір рет жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста 9 871 адам ревакцинациядан өтті», - дейді Әсет Жұматаев.