СҚО-да «2013 жылғы ең үздік адвокат» байқауының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - СҚО Әділет департаменті Адвокаттар алқасымен бірлескен іс-шара ұйымдастырып онда Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттарының халыққа заң қызметін көрсетудің сапасын көтеру мәселелері талқыланды.
None
None

Кездесу қорытындысы бойынша өткізілген «2013 жылғы ең үздік адвокат» байқауының қорытындысы жасалып, жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, оларға алғыс айтылды. Сонымен қатар «Жоғары кәсіби біліктілігі үшін», «Ауылдық жерлерде адвокаттық қызметті өнегелі ұйымдастырғаны үшін», «Ұжымның қоғамдық өміріне және құқықтық түсіндіру жұмысына белсенді қатысқаны үшін» 3 аталым бойынша ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

«Барлығы 25 адвокат марапатталды, оның ішінде 3 адвокат облыс аудандарында қызмет етеді», делінген СҚО Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар