СҚО-да 8 мыңға жуық оқушы «Мен - чемпионмын» телевизиялық ойынының қатысушысы атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Мен - чемпионмын» спорттық ойынының қорытынды кезеңi басталды. Ойынның қорытынды кезеңiне облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Оқу жылының басында қолға алынған жоба ауқымды спорттық қозғалысқа айналып үлгердi: барлық аудандар мен Петропавл қаласының 8 мыңға жуық оқушысы осы ойынның қатысушылары атанды. «Мен - чемпионмын» жобасы алдағы уақытта да балалар арасында белсендi өмiр салтының идеясын насихаттайтынына сенiм мол», - дедi облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов. Ойынды ашу салтанатында қалалық классикалық гимназияның каратэ секциясының тәрбиеленушiлерi, спорттық акробатикадан балалар мен жасөспiрiмдердің мамандандырылған спорт мектебiнiң тәрбиеленушiлерi, спорт шеберлерi, Қазақстан чемпиондары Анастасия Бейсембаева мен Александр Зотов өз өнерлерiн көрсеттi. Сондай-ақ «Айналайын» эстрада ән ансамблiнiң қатысушылары ән шырқады. Ойынның қорытынды кезеңi 26-29 наурыз аралығында өтедi. Жарысқа 16 команда қатысады (аудандардан 13 команда және Петропавл қаласынан 3 команда). Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өткiзiледi. «Мен - чемпионмын» балалар телевизиялық спорттық ойыны балалар денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жоба республикада жаппай жасөспiрiмдер қозғалысына айналып, балалар спортын дамытуға және жастар арасында салауатты өмiр салты қағидаттарын нығайтуға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар