СҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Қайрат Омаров тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімінің бұйрығымен СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Омаров Қайрат Қайроллаұлы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қайрат Қайроллаұлы 1979 жылы Көкшетау облысы Володар ауданы Прекрасное ауылында дүниеге келді. «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын тәмамдаған», делінген хабарламада.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданындағы Прекрасненск орталау мектебінде мұғалім болудан бастаған. 2004-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әділет басқармасында жетекші, бас маман болып істеді. 2007-2008 жылдары Айыртау ауданы әділет басқармасының бас маманы. 2008-2012 жылдары - Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша «ХҚКО» РМК филиалы бөлімінің бастығы. 2012 жылдан осы уақытқа дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары қызметінде болған.

Соңғы жаңалықтар