СҚО-да аймақаралық көгершіндер көрмесі өтуде (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда өтіп жатқан көгершіндер көрмесінде аталмыш құстың 200-ден астам түрлі тұқымдастары жұртшылық алдына шығарылды.

СҚО-да аймақаралық көгершіндер көрмесі өтуде (ФОТО)

«Бұл - үшінші аймақаралық көгершіндер көрмесі. Оған Көкшетау, Омбы, Түмен, Қорған, Челябі қалаларынан қонақтар келді. 50-ден астам адам 260-қа жуық көгершіндерін көпшілік алдында паш етті», - деді көгершін құстарын өсірумен әуестенушілер клубының төрағасы Виктор Калиганов.

Көрме барысында жәрмеңке де ұйымдастырылып, бұл құстар құны 500 теңгеден бастап 300 мың теңге аралығында сатылымға шығарылды. Көрме екі күн бойы өтеді. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен, Кубоктармен марапатталады.