СҚО-да барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері жалғасуда

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері жалғасуда.
None
None
Кеше облыс әкімі Серік Біләлов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Марат Тасмағанбетовтың Бірлік ауылдық округі халқымен есеп беру кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықпен кездесуде аймақ басшысы ауданның экономикалық дамуында, оның ішінде шағын және орта бизнесте оң үрдістердің байқалатынын атап өтті. Өткен жылы астық компаниялары ауыл шаруашылығын дамытуға, оның ішінде үш ірі элеватор құрылысына бір жарым миллиард теңге салған. 2008 жылы ауданда 1250 тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеді. Екінші деңгейлі банктер шағын бизнесті дамыту үшін 1,6 млрд. теңгеден астам қаражатты несиелендіруге бөлді.Аудан әкімі кездесуге қатысушыларды ? Бірлік ауылдық округінің тұрғындарын аудандағы дағдарысқа қарсы іс-шаралардың іске асырылуы туралы хабардар етті, сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, тұрғындар мектептерді компьютермен жарақтау, жолдарды жөндеу, Старобелов ауылына автобус бағытын ашу туралы сұрақтар қойды. Аудан әкімі оларға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.
Соңғы жаңалықтар