СҚО-да биыл алимент бойынша тоғыз борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізуге қатысты ведомствоаралық кеңес өткізді.

алимент
Фото: Kazinform

Жиында алимент, жалақы және мемлекет кірісі бойынша берешекті өндіріп алудың проблемалық мәселелері талқыланды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, бүгінгі таңда алимент бойынша берешек 260,1 млн теңгеге жеткен.

Қадағалау органы биыл алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 43 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Нәтижесінде соттар оларға қатысты тыйым салды, бұдан бөлек борышкерлер айыппұл төлейді.

Облыс бойынша сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шараларымен тағы 25 алимент бойынша борышкер әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған 9 проблемалық борышкер ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 90 млн теңге өндіріліп алынды.

Кеңесте облыстық Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшыларының, Полиция департаменті анықтау және жергілікті полиция қызметі басқармалары бастықтарының есептері тыңдалды.

Уәкілетті органдарға осы санаттағы атқарушылық өндірістерді тиісінше орындау жөніндегі жұмысты жандандыру бойынша ұсынымдар берілді.

Бұған дейін Шымкентте алимент төлемеген борышкер сотталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар