09:38, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
СҚО-да бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 24 пайызға артты
ПЕТРОПАВЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі алдын ала есептеулер бойынша 678 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылғы қаңтар-наурыз көрсеткішінен 24 пайызға көп.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтерінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Тайыншы ауданындағы Аққұдық ауылында ірі қара малдың төлдерін өсіру және бордақылау бойынша 1 040 басқа арналған мал өсіру кешені, Қызылжар ауданының Вознесенка ауылында Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы аясында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тізіміне кіретін 440 бас ірі қараға арналаған тұқымдық репродуктор, тағы басқа нысандар пайдалануға берілді.
Әлеуметтік-мәдени насындардың арасында Айыртау ауданындағы 240 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп, Образец ауылындағы Мәдениет үйі және Мағжан Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылындағы шіркеу пайдалануға берілді.