СҚО-да бірқатар жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрiнiң бұйрығымен Сұңғат Ертайұлы Рахымжанов Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болып тағайындалды. Сұңғат Ертайұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Қарауыл ауылында туған, Семей мемлекеттiк университетiн, Қазақ қатынас жолдары университетiн, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетiн аяқтап, тарих пәнiнiң оқытушысы, темiр жол тасымалдарын ұйымдастыру және басқару бойынша инженер, мемлекеттiк жергiлiктi басқару мамандықтары бойынша бiлiм алған. Еңбек жолын 2005 жылы «Е.А.Рахымжанов» ЖК-нiң коммерциялық директоры болып бастады. 2005 жылдан Көкшетау қаласында пойыздарды құрушы, станса бойынша кезекшi; 2007 жылдан Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау басқармасында өткiзу пунктінің көлiктiк бақылау бөлiмiнде жетекшi маман; 2008-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысының темiржол, әуе және су көлiгi жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы бөлiмiнiң басшысы; 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысының көлiктiк бақылау инспекциясында көлiктiк-коммуникация кешенiнде көлiктiк инспекциясының бақылау бөлiмiнiң жетекшi маманы; 2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бақылау комитетiнде автомобильдiк көлiктiк бақылау басқармасының сарапшысы; 2013-2014 жылдары Павлодар облысы бойынша көлiктегi мониторинг пен бақылау басқармасының сарапшысы, көлiктiк бақылау инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң көлiктегі мониторинг және бақылау басқармасының басшысы болып қызмет еттi. 2014 жылдың қараша айынан бастап осы тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлiгiнiң көлiктiк бақылау комитетiнiң ахуалдық орталығының бас сарапшысы лауазымында қызмет еттi. Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiнiң қаулысымен Нұрлан Болатұлы Құрманбеков Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы болып тағайындалды. Нұрлан Болатұлы 1986 жылы Ақтөбе қаласында туылған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiн, Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетiн инженер, құқықтану мамандықтары бойынша бiтiрген. Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгi Автокөлiк жолдары комитетiнiң құрылыс және қайта жаңарту басқармасының бас сарапшысы болып бастады. 2014 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлiгi Автокөлiк жолдары комитетiнiң құрылыс және қайта жаңарту басқармасының басшысы қызметiн атқарды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң бұйрығымен Ғалилитдин Мұхтарұлы Жазетов қаржылық бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы болып тағайындалды. Ғалилитдин Мұхтарұлы 1976 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туған, инженер-электршi, заңгер мамандықтары бойынша жоғары бiлiм алған. Еңбек жолын 2001 жылы қаржы полициясы органдарында бастаған. 2006-2010 жылдары аралығында бас маманы, Мемлекеттiк сатып алуды үйлестiру басқармасының бастығы, ҚР Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк сатып алуды басқару әдiснамасы департаментi директорының орынбасары; 2010 жылдан Қаржылық бақылау комитетiнiң мемлекеттiк сатып алу саласы бойынша талдау және мониторинг басқармасының бастығы; 2012 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау комитетiнiң қаржылық бақылау инспекциясының басшысы болып жұмыс iстедi.