СҚО-да биыл «Жасыл ел» жасағында 300-ден астам адам еңбек ететін болады

«Шілде мен тамыз аралығында «Жасыл ел» жұмыскерлері орман тазалап, бұтақ кесіп, көшет отырғызып, орман алқабын абаттандырумен айналысты. Осы уақыт ішінде 814,6 га жер өңделді. Бұдан басқа, елді мекендерді абаттандыру, жасылдандыру жұмыстары жүргізілді», - деді ішкі саясат басқармасының басшысының міндетін атқарушы Алмаз Файзулин.
Осы жылы 323 адамды жұмысқа орналастыру жоспары бар. Олар 41 095 теңгеден еңбекақы алады және қажетті жұмыс киімі беріледі.
Жыл сайын СҚО-да студенттер құрылыс жасақтары құрылады. Оған көбінесе құрылыс мамандығына оқып жатқан студенттер тартылады. Алайда жасаққа әрбір тілек білдірушінің жазылуына болады. Олар құрылыс нысандарында (сылақшы, әрлеуші, ұста және т.б.) жұмыс істейтін болады.
Алмаз Файзуллиннің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы «Жасыл ел» жобасына, студенттер құрылыс жасағына тілек білдірушілерден 280 өтініш келіп түскен. Оларға құрылыс нысандары белгіленіп қойды.