СҚО-да «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сомасы 16,4 миллиард теңгеге 163 жоба мақұлданды
ПЕТРОПАВЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сомасы 16,4 миллиард теңгеге 163 жоба мақұлданды.
Олардың ішінде 8,6 млрд. теңгені құрайтын 132 жоба - бірінші бағыт бойынша, 820 млн. теңгені құрайтын 6 жоба - екінші, шамамен 7 млрд. теңгені құрайтын 25 жоба - үшінші бағыт бойынша.
СҚО Қазақстанның субсидиялаудың қол қойылған келісім-шарттарының саны бойынша алтыншы орыннан көрінсе, кепілдендіру келісім-шарттарының саны бойынша төртінші орында.