СҚО-да «Ботай» археологиялық мұражайы ашылады

Өткен жылыту маусымы қорытындылары мен оған дайындық жайында ЭТКШ басшысы А. Федяев айтып берді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
Ол жылыту маусымы қалыпты режімде өткенін, жылыту, электр желілері штаттық режімде жұмыс істегенін, апаттар орын алмағанын атап өтті.
«Жыл сайын жүргізілетін жаңғыртуға байланысты 2008 жылмен салыстырғанда, қазандықтардың тозуы 14%-ға, құбыр агрегаттары бойынша тозу 18%-ға азайды. 2013 жылмен салыстырғанда, энергия өңдеу 5%-ға ұлғайды», - деп хабарлады Антон Владимирович.
СҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының айтуынша, жылыту маусымының басталуына 544 қазандық, 295 шақырым жылу желілерін (оның ішінде Петропавлда 262 шақырымнан асады) дайындау қажет.
«Облыста орталық жылытуға 1 148 көп қабатты үй қосылған. Облыс орталығында басқару органы 1 041 үйдің 827-сін қамтиды. Әзірлік паспорттарын уақтылы дайындау, ресімдеу үшін барлық үйлер, әсіресе басқару органдары жоқ үйлер бойынша жұмысты жандандыру керек»,-деп атап өтті ол.
Ерік Сұлтанов облыс орталығының басшысына 2015 жылғы 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайын болу үшін ПИК жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Отырыста қаралған келесі мәселе өткен бес айдағы мәдени, мұрағаттар, құжаттамаларды басқару қызметінің нәтижелері болды.
Биыл орыс драма театрына жөндеу жүргізу жұмыстары басталған. Облыстық филормония ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді, «Көпес Янгуразовтың үйі» ескерткіші жаңартылуда.
Айыртау ауданында ашық аспан астында «Ботай» археология мұражайын ашуға дайындық жұмыстары басталды», - деді ведомство басшысы Рустам Бикенов.
СҚО мен Омбы облыстары мәдени мекемелерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті, оның аясында солтүстікқазақстандықтар Омбыға, Омбы облысына гастрольге шығады, тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері мен бірқатар басқа да шаралар ұйымдастырылады.
Өңірде туристік саланы дамыту өзекті. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы А. Керімбек атап өткендей, бүгінде ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік фирмалармен, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағымен 31 маршрут әзірленіп, әрекет етуде.
Айыртау ауданы, Есіл, Қызылжар, Мәмлүт, Шал ақын аудандарында туристік ресурстар бар. Олардың аумағында демалыс базаларын салу, жаңғырту жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Солнечный» демалыс аймағында панто емдеу» жобасын іске асыру басталды. Табиғи шикізатты пайдалану үшін бұғы фермасын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Өңір басшысы СҚО КТБ басшысына және Айыртау ауданы, Есіл, Қызылжар, Мәмлүт, Шал ақын аудандары, Петропавл қалсы әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Отырыс соңында СҚО қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы туралы мәселе қаралды.