СҚО-да «Дала күнi» ұйымдастырылды

Облыстық агроқұрылымдар мен ауылшаруашылығы бөлiмдерiнiң басшыларына, аудан әкiмдерiне осы серiктестiктiң егiс алқаптары, қысқа мал азық әзiрлеу технологиялары, мал шаруашылығы көрсетiлдi. Шаруашылықтың жұмысымен, осы жерде ұйымдастырған ауылшаруашылығы техникасы көрмесiмен танысқан делегация бұдан кейiн семинар-кеңеске жиналды. Аграрлық кеңесте орақ науқанына даярлық мәселелерi қарастырылды. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаровтың ақпараты бойынша биыл облыстың диқандары 4 миллион 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр. Оның 3 миллион 300 мың тоннасы - дәндi дақылдар. 597 мың гектар майлы дақылдар, 442 мың гектар азықтық дақыл жинау керек. Жаз бойы жақсы өнiм алу үшiн қажеттi барлық жұмыстар атқарылды. 34,3 мың тонна минералдық тыңайтқыш шашылған. Биылғы ораққа 9380 комбайн қатысады, олардың 2600-і - өнiмдiлігі жоғары жаңа комбайндар. Күзгi жұмыстарды жүргiзу үшiн 72 мың тонна жеңiлдетiлген жанар-жағармай алынған. Жиында ғалымдар мен шаруашылықтардың басшылары үстiмiздегi жылғы науқанның ерекшелiктерiне тоқталып, науқанның жүргiзілуіне қатысты ақыл-кеңестерiмен бөлiстi. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов орақ науқанын сапалы, әрi уақытында жүргiзу бойынша барлық шараларды қолға алуды тапсырды, деп хабарланған СҚО әкімдігінің ресми сайтында.