СҚО-да электронды өнім шығару көлемі артты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да ағымдағы жылдың бірінші жартысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жақсы болды: негізгі капиталға құйылған инвестиция 1,5 есеге, құрылыс жұмыстары - 1,7 есеге, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,6 пайызға ұлғайды.
None
None

Бұл туралы СҚО статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазіргі баға бойынша 75,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыстық өндіріс көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 68,2% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 51,6 млрд. теңгенің тауары өндірілді.

Машина жасау саласында 10,9 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл саладағы өсім электронды өнім өндірісінің 70,7%, электр жабдығы өндірісінің 3,6 есеге артуы есебінен болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 36,3 млрд.теңгені немесе өткен жылғы сәйкес мерзімнің 105,6% құрады.

Соңғы жаңалықтар