11:14, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
СҚО-да ертең қатты дауыл соғады - ТЖД
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-30 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ал кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлады облыстық ауа райын болжау орталығынан.
ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында ескерту шараларын қолға алуға кеңес береді.