СҚО-да газ датчигі көпбалалы отбасыны үлкен қайғыдан сақтап қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Явленка ауылында орнатылған өрт хабарлағышының арқасында көпбалалы отбасы ауыр жағдайдан аман қалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

р
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Оқиға жұмыс күндерінің бірінде болған. Үйде демалып жатқан көпбалалы ана кенеттен өрт хабарлағышынан шыққан қатты дыбысты естиді. Дабылдың себебін анықтау үшін жуынатын бөлмеге кірген әйел қысқа тұйықталу салдарынан су жылытқыштың қыздырғыш элементі балқып, бөлмені қою түтін басып жатқанын көреді.

Мамандардың айтуынша, сол сәтте өрт кез келген уақытта тұтанып, тұрғын үйге үлкен қауіп төндіруі мүмкін болған. Алайда датчиктің уақытылы іске қосылуының арқасында әйел дереу әрекет етіп, төтенше жағдайдың алдын алған.

— Осы датчикті орнатып берген құтқарушыларға алғысым шексіз. Ол біздің шаңырағымызды, ең бастысы — балаларымды аман алып қалды, — дейді көпбалалы ана.

Төтенше жағдайлар қызметі өрт хабарлағыштарының тұрғын үйлерде орнатылуы адам өмірі мен мүлікті сақтауда аса маңызды екенін тағы бір мәрте еске салады.

Бұдан бұрын Шымкентте жалдамалы пәтерден бір отбасының үш адамы өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар