СҚО-да хабар-ошарсыз кеткен кәсіпорын күзетшісі 5 күннен бері іздеуде
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданының 29 жастағы тұрғыны Виталий Вячеславович Майснер 16 тамыздан бері жоқ. Жігіт Қайранкөл елді мекеніндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың бірінде күзетші болып жұмыс істеген. Ол жұмыс орнынан, яғни даладағы қостан шығып, хабарсыз кеткен. Ер адамның жоғалғаны туралы полицияға жұмыс беруші хабарлаған.
Виталий Майснерді іздеуге полицейлер, құтқарушылар мен волонтерлер, барлығы 60-тан астам адам жұмылдырылды. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіт жайында ақпарат та таратылды, алайда әзірге нәтиже жоқ.
Виталий орта бойлы, дене бітімі орташалау келген, шашы сары. Үстінде қара күртеше мен қара шалбар болған.
Із-түзсіз жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, полицейлер 8-777-307-99-65, 8-775-202-00-37 нөмірі бойынша немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.
Жыл басынан СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы 309 өтініш қабылдады. Оның ішінде 303 адамның жүрген жері анықталды.
Бұған дейін Петропавлдың 13 жастағы тұрғыны Данил Лосковтың жоғалғанын хабарлаған едік. Жасөспірім аман-есен табылды.