СҚО-да кәсіби мерекеге орай 17 үздік шекарашы марапатталды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ҚР Шекара қарулы күштері күніне арналған салтанатты шара өтті.
None
None

Кәсіби мерекенің құрметіне 17 үздік әскери қызметкер өңір басшысының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара әскери белгіні салтанатты түрде шығарудан басталды. Одан соң облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның орынбасары Владимир Бубенко кәсіби мерекенің құрметіне құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде шекара қауіпсіздігі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі әрі мемлекет тыныштығының кепілі екенін айтты.

Айта кетейік, СҚО шекарашылары өз қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Жыл басынан бері олар 33 шекараны заңсыз кесіп өту оқиғасының алдын алды, 22 шекара бұзушыны қолға түсірді, 474 адам Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін ұсталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум