СҚО-да кәсіпорындардың 30 пайызын әйелдер басқарады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар мен ұйымардың 28,4 пайызын әйелдер басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтың статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып.

СҚО-да кәсіпорындардың 30 пайызын әйелдер басқарады

1 қазандағы мәліметтер бойынша, өңірде 9951 заңды тұлған тіркелген, олардың 96,6 пайызы адам саны 100-ге жетпейтін шағын кәсіпорындар. Тіркелгендердің жалпы санының 6681-і нақты жұмыс істейді. Шаруашылық серіктестіктерінің саны басым, яғни олар - 6776 (68,1 пайыз), мекемелер саны 1491 (1 пайыз) және тұтынушы кооперативтері 651 (6,5 пайыз). СҚО-дағы 1899 компанияны әйелдер басқарады.

«Әйелдер басқаратын ұйымдардың басым бөлігі білім беру саласында - 63,8 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша - 49,7 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметі - 48,3 пайыз, өнер, ойын-сауық пен демалыс бойынша - 45,4 пайыз, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер - 43,9 пайыз»,-делінген хабарламада.

Статистика департаментінің мәліметтерінде, 2016 жылдың 3-ші тоқсанында 170 жаңа заңды тұлғалар тіркеліп, 42-сі керісінше жұмысын тоқтатқандығы айтылады.

Қайта құрылған компаниялардың басым көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты кәсіптермен айналысады.