СҚО-да қоныс колониядан қашқан адам іздестіріліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка елді мекенінде орналасқан қоныс колониясынан жазасын өтеп жатқан ер адам қашты.

колония, тюрьма, забор, колючая проволока, дуис, куис, заключенные
Фото: freepik.com

Сотталғанды іздестіруге қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және мекеме қызметкерлері жұмылдырылды.

Бұл ақпарат алдымен WhatsApp мессенджерінде тарады. Бағдар беру анықтамасында ер адамның 4,5 жылы ұрлық үшін сотталғаны жазылған. 2026 жылы желтоқсанда жазасын өтеп шығуы тиіс еді.

СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Сотталған адам жұмыс істеп жүрген нысаннан қоныс колониясына оралмады. Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеушілер колониядан тыс жерде жұмыс істейді, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қайтарылады. Сотталған белгіленген бағыттан ауытқып, қайтып келмеді. Бұл үшін ҚР Қылмыстық кодексі негізінде жауапкершілік көзделген. Оған заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін СҚО-да бір отбасының астан уланып, екі баланың қайтыс болғанын айтқан едік.

 

Соңғы жаңалықтар