СҚО-да құтқару қызметінің көлігі апатқа түсіп, 1 адам мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында 20 қараша күні жеңіл көлік пен төтенше жағдайлар департаментінің КамАЗ көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

көлік апаты
Фото: әлеуметтік желі

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, JAC жеңіл көлігінің рулінде 1987 жылғы ер адам болған. Ал КамАЗ көлігінің жүргізушісіне медициналық көмектің қажеті болмады. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданында «Петропавл – Ишим» автожолында болған. Қазір осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін биыл СҚО-да прокурорлардың араласуынан кейін 49 мың га жер қайтарылғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар