СҚО-да маскүнем анасын ұрып өлтіріп, 11 жылға сотталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталғандарға қатысты азаптау фактілері тіркелген жоқ – ҚАЖ комитеті
Фото: freepik.com

СҚО сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде анасын өлтірді. 

Б.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Петропавл тұрғыны сот арқылы алаяқтық жолмен айрылған 1 млн теңгесін қайтарып алғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар