СҚО-да мереке күндері жедел жәрдем қызметіне екі мыңнан аса шақырту түскен

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді.

СҚО-да мереке күндері жедел жәрдем қызметіне екі мыңнан аса шақырту түскен
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсанда облыс бойынша — 391, ал, 1 қаңтардан бастап күнделікті 400-ден астам шақырту түсіп отырған. Оның ішінде көшеде жарақат алу да, ЖРВИ-де, инфаркт, инсульт те бар. Жалған шақыртулар да тіркелген. 

Ал 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық көмек ауруханасының жарақат бөліміне 300 адам жүгінген. Олардың онын жедел түрде ауруханаға жатқызуға тура келді.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі — 151-і жарақатты көшеде және 140-ы үй жағдайында алған. Бұдан бөлек алты адам спорттық жарақатпен жүгінген. Жол-көлік оқиғасында екі адам, өндірісте бір адам жарақаттанды.

Ал жарақат түрлеріне келер болсақ, тоғыз адам күйіп қалған, бес адамды жануарлар тістеген. Басым көпшілігі сүйегі сынып, дәрігерге қаралған.

Бұған дейін Германияда жаңа жыл түні ондаған полицей пиротехникадан жарақат алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар