СҚО-да небары үш ай ауыл әкімі болған ер адам өз-өзіне қол жұмсады
СҚО-да өзіне қол жұмсаған ауыл әкімінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Суицид жасаған — Солтүстік Қазақстан облысы Май ауылдық округінің әкімі.
СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 мамыр күні Май ауылында болған. 48 жастағы ер адамның денесі табылды.
— Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тергеу амалдары жүргізіледі, — делінген баспасөз хабарламасында.
Ақжар аудандық әкімдігінің ресми сайында Май ауылдық округінің әкімі болып Ерлан Смаиловтың биыл 17 ақпанда тағайындалғаны жазылған. Еңбек жолын математика-физика пәнінің мұғалімі болып бастаған ол бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет атқарған екен. Ауыл әкімі болғанға дейін екі жыл «Майское-Агро» ЖШС-де директордың орынбасары болды.
Естеріңізге салайық, биыл мамыр айының басында Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжанов өз-өзіне қол жұмсады.
Былтыр желтоқсан айында Ақтөбеде қаласының әкімі суицид жасады.