СҚО-да өткен сайлауда халықтың 97 пайызы Н.Назарбаевқа дауыс берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссиясының деректеріне сүйенсек, солтүстікқазақстандықтардың 97 пайызы сайлауға қатысқан. Бұл 370 мыңнан астам адам. Петропавл қаласында 95 пайыз немесе 133 837 сайлаушы дауыс берді.

СҚО-да өткен сайлауда халықтың 97 пайызы Н.Назарбаевқа дауыс берді

Еске салсақ, 26 сәуірде сайлау учаскесінде өңір басшысы Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымы жайлы айтқан болатын. Олар мұны сайлауда растады. «Облыс тұрғындары белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Олар әр уақытта елде болып жатқан маңызды оқиғалардан тыс қалмайды», - деді сайлауда сұхбат берген Ерік Сұлтанов. Сондай-ақ облыста ЕҚЫҰ атынан жұмыс жасаған шетелдік байқаушылар да өткізілген сайлауға жоғары баға берді. «Бұл сайлаудың ерекшелігі - Президент Н.Назарбаев басқаратын қазақстандық даму жолы қарапайым халықтың қолдауын тапқандығында. Н.Назарбаевтың беделі күллі адамзат алдында тұрған тәуекелдерді азайтуға бағытталған сарабдал саясатымен Ресейде ғана емес, посткеңестік кеңістік елдерінде, Азия, Еуропа, Америкада да өте жоғары беделге ие», - деді біздің тілшіге берген сұхбатында РФ-ынан келген халықаралық бақылаушы Анатолий Спицын.