СҚО-да пара алған жол-патруль полициясының қызметкерлері сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық соты жол-патруль полиция қызметкерлері М.Роговой, Е.Анохин және такси жүргізушісі Н.Ильюхинге қатысты қылмыстық істі қарады.
None
None

Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

М.Роговой ағымдағы жылғы 6 шілдесінде делдал етуші Е.Анохин арқылы «Lexus RX 300» маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Н.Ильюхин лауазымды тұлғаға пара беруге көмектесіп, «Lexus RX 300» маркалы автокөліктің жүргізушісі және Е.Анохиннің кездесуін ұйымдастырған.

Сот үкімімен М.Роговой ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Е.Анохин ҚР ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі (делдал жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Н.Ильюхин ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі (пара беруге итермелеу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, үшеуінің де мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдардарда өмір бойы лауазымды қызмет құқығынан айырумен, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар