СҚО-да «Пәтер» операциясы барысында тіркелген 82 қылмыстың барлығы ашылды
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда облыстық ішкі істер департаментінде облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Анатолий Дермановскийдің басшылығымен өткен кеңесте «Пәтер» республикалық шұғыл-алдын алу іс-шараларының қорытындылары шығарылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында жүргізілген операцияда тіркелген 82 қылмыстың барлығы ашылды. Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша 62 қылмыс орын алған, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.