СҚО-да болған жол-көлік оқиғасы тексеріліп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында екі полиция қызметкері зардап шеккен оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Рузаевка» автожолында болды. Hyundai Elantra қызметтік автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рульге ие бола алмай қалып, жол жиегіне шығып, машина аударылып қалған. Салдарынан ішкі істер органдарының екі қызметкері түрлі дене жарақатымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
- Тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Қазір осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін екі полицейдің патрульдік көлікпен аударылып қалғанын жазған едік.
Зардап шеккендер өңірдің емдеу мекемелеріне жеткізілді. Біреуінің жағдайы ауыр.