СҚО-да поляктар көп қоныстанған елді мекенде «Қазақ халқына алғыс» естелік белгісі қойылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Қазақстанға поляктардың жер аударылғанына биыл 90 жыл толып отыр.

ы
Фото: СҚО әкімдігі

Ресми мәліметтерге сәйкес, 1936 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысына 21 мыңнан астам поляк жер аударылған. Олардың басым бөлігі Тайынша ауданына қоныстанған. Қазіргі таңда өңірде 10 мыңнан астам этникалық поляк тұрады. Осылайша өңір Қазақстандағы поляк диаспорасы ең көп шоғырланған аймақ ретінде ерекшеленеді.

ы
Фото: СҚО әкімдігі

Өңірге Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньска бастаған ресми делегация келіп, Тайынша ауданында болды.

- Қазақстан мен Польшаны 34 жылдан астам уақытқа созылған берік дипломатиялық қарым-қатынас байланыстырады. Осы кезеңде екі ел арасында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып, өзара сенім мен достыққа негізделген серіктестік қалыптасты. Бұл сапардың біздің облыс үшін маңызы ерекше. Өңіріміз бен Польшаны тарих пен терең рухани байланыстар біріктіреді. Бүгінде Қазақстандағы этникалық поляктардың 30 % астамы біздің облыста тұрады, - деді қонақтарды қарсы алған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

ы
Фото: СҚО әкімдігі

Сапар аясында Польша делегациясы Тайынша ауданында поляктардың Қазақстанға жер аударылғанына 90 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасына қатысты. Бұл күні қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдерде көрсеткен жанашырлығы, кеңпейілдігі, қонақжайлығы мен адамгершілігіне деген шынайы ризашылықтың белгісі ретінде «Қазақ халқына алғыс» атты естелік белгі салтанатты түрде ашылды.

ы
Фото: СҚО әкімдігі

Естеріңізге салайық, соғыс кезінде Қызылордада поляк мектебі мен балабақшасы жұмыс істеген болатын.

ы
Фото: СҚО әкімдігі