Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО-да рақымшылықпен сотталғандардың алғашқы легі босатылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысының түзету мекемелерінен үш адам бостандыққа мерзімінен бұрын босап шықты.

түрме, рақымшылық
Фото: СҚО ҚАЖД

Олар - еліміздің жаңа Конституциясына байланысты қабылданған «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы аясында босатылды.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, рақымшылыққа алғашқылардың бірі болып іліккендердің екеуі - ер адам және біреуі – әйел. Олардың барлығы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Түзету мекемелерінің қақпасында босатынғандарды туған-туыстары мен жақындары қуанышпен қарсы алды.

в
Фото: СҚО ҚАЖД

Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қазіргі таңда 1700-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. «Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес, осы жолы шамамен 100 сотталған босатылуы тиіс. Жалпы алғанда, бұл заңның игілігін 250-ден астам адам көреді. Оларға жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту немесе заңнамада көзделген өзге де рақымшылық шаралары қолданылады.

- Рақымшылыққа іліккен адамдар енді жаңа өмір бастауға, отбасымен қайта қауышып, әлеуметтік ортаға бейімделуге және заң талаптарын сақтай отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруге мүмкіндік алды, - дейді департамент өкілдері.

Бұған дейін Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланғанын жазған едік.