СҚО-да ресейлік азамат «Жаңажол» шекара бекеті арқылы қару-жарақ өткізбек болған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңажол» шекара бекеті арқылы РФ азаматы автокөліктің жүксалғышы толы қару-жарақты өткізбек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл шекара жасағының «Жаңажол» өткізу пунктінің шекара жасағы «Тойота LC-200» автомашинасының 48 жастағы жүргізушісін ұстады. РФ азаматы Қазақстанға келе жатқан. Оның автокөлігінің жүксалғышын тексеру барысында бірнеше қару-жарақ табылды.

«Автокөліктен табылған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар »Remington 870 express« қаруы - 1 дана, 366 калибрлі »TG-2« қаруы - 1 дана, 12 калибрдің оқ-дәрілері – 49 дана, 366 калибрдің оқ-дәрілері – 62 дана, оқжатар – 2 дана, 10х22 калибрлі »Grandpayer Т-10« травматикалық тапаншасы – 1дана«,-делінген хабарламада.

Ұсталған ресейлік азамат қару-жарақпен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram