СҚО-да «Серпiн - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикадағы мектептердің 450 түлегі білім алуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Серпiн - 2050» бағдарламасы бойынша Қазақстан мектептерінің 450 түлегі тегін жоғары білім алып жатыр.
None
None

«Серпiн - 2050» мемлекеттік бағдарламасына бес облыстың түлектері қатыса алады. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 150 адамды қабылдады. Барлығы грантта оқиды, шәкіртақы алады. 2015 жылы - 300 адам, олардың 197-сі Оңтүстік Қазақстаннан келді, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан, Алматыдан бар. Олардың жартысы педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Барлығы жатақханамен қамтамасыз етілді», - деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқу жұмыстары бойынша проректор Айнагүл Мұхамеджанова.

Соңғы жаңалықтар